29
қыркүйек
2025
2025 жылдың 29 қыркүйекте 22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі»тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
2025 жылдың 29 қыркүйекте 22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі»тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Сабақтың мақсаты – оқушыларға қарттарды құрметтеу, үлкенге ізет көрсету, ұлттық тәрбиенің негізі – қариялардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін бағалау керектігін ұғындыру.Сабақ барысында:Қарттар күніне орай мағыналы әңгімелер айтылды.Оқушылар үлкендерге арнап өлеңдер оқып, әндер орындады. Қарт адамдар туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер талқыланды.Қарияларға алғыс білдіріп, олардың орны қоғамда қаншалықты маңызды екені айтылды.Сондай ақ қарт кісілердің үйіне барып, құрметтеп, үй шаруасына көмектесіп, ән және өлең жолдарын арнап айтып берді. Сабақ оқушылардың адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастыруға және ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін арттырды