11
мамыр
2025
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 11 - мамыр «Аналар» күніне орай өтетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 12-мамыр күні 2-сыныпта «Отбасы құндылығы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 11 - мамыр «Аналар» күніне орай өтетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 12-мамыр күні 2-сыныпта «Отбасы құндылығы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу. Мұғалім оқушыларға отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Оқушылар өздерінің отбасыларымен түскен суреттерін көрсетіп, таныстырады. Оқушылар ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеме, қайырымды ата - әже, аға - әпке, іні – қарындастары туралы айтты. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керектігін ұғынды.