«Тәжірибе, әдіс, жасанды интеллект - педагог шеберлігінің кепілі» атты онкүндік жоспарына сәйкес 6-ші мамыр күні көркем еңбек пәні бойынша «Десерт дайындау технологиясы» тақырыбында 6-ші сынып оқушылармен ашық сабақ өткізілді. » СШ№22 Екпенды
СШ№22 Екпенды » Ақпарат » «Тәжірибе, әдіс, жасанды интеллект - педагог шеберлігінің кепілі» атты онкүндік жоспарына сәйкес 6-ші мамыр күні көркем еңбек пәні бойынша «Десерт дайындау технологиясы» тақырыбында 6-ші сынып оқушылармен ашық сабақ өткізілді.
«Тәжірибе, әдіс, жасанды интеллект - педагог шеберлігінің кепілі» атты онкүндік жоспарына сәйкес 6-ші мамыр күні көркем еңбек пәні бойынша «Десерт дайындау технологиясы» тақырыбында 6-ші сынып оқушылармен ашық сабақ өткізілді.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 5-20 мамыр аралығында ұйымдастырылған «Тәжірибе, әдіс, жасанды интеллект - педагог шеберлігінің кепілі» атты онкүндік жоспарына сәйкес 6-ші мамыр күні көркем еңбек пәні бойынша «Десерт дайындау технологиясы» тақырыбында 6-ші сынып оқушылармен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың мақсаты- десерт түрлерімен және дайындау технологиясымен танысу, практика кезінде әзірлеу. Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталып, сыныпта жақсы психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында жасанды инттеллект «Viggle Al» плаформасы арқылы тренингін жүргізілді. Жасанды интеллект «Қазақ үй» платформасын қолданып оқушыларды «Торт» және «Бәліш» топтарына бөліп, «Genially» платформасында «Apple» программасы арқылы өткен тақырыптарға шолу жасалып, үй тапсырмасы тексерілді. Үй тапсырмасы «Тамаша!», «Жарайсың!» және т.б. ауызша бағаланды. Жаңа тақырып кезеңінде жасанды интеллект «D-id» платформасында «Аватар» программа арқылы оқушыларды десерт дайындау технологиясымен таныстыра отырып, оқушыларға десерт дайындау туралы бейнеролик көрсетілді. Көрсетілген видеоролик бойынша «Десерт дайындау туралы нені білдік? Десерттің қандай түрлері бар?» және т.б. сұрақтарға оқушылардан жауап алынды. Топтың жұмыс кезеңінде «Торт» тобына және «Бәліш» топтары бірінші тапсырмада жасанды интеллект «learninqapps» платформасында «Топтастыру» ойыны арқылы, екінші тапсырмада «Me-qr» платформасы бойынша Кюар код арқылы «Ойлан тап» тапсырмасын орындады. Екі топтың жұмысы «Chupa-chups» әдісімен бағаланды. Практикалық жұмысқа көшпес бұрын техникалық қауіпсіздік ережесі қайталанып, десерт дайындау тапсырма берілді. Практикалық тапсырмада «ChatGPT» программа арқылы оқушылар десерт дайындау тәсілдерін тауып орындады. Жасанды интеллект «Quizizz» платформасында тест тапсырмалары арқылы сабақ бекітіліп, "Classroom screen" платформасы арқылы оқушылармен кері байланыс жүргізілді. Ашық сабаққа қатысқан әлеуметтік педагог және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г.Оспанова, модератор тобының жетекшісі Ж.Болатбекова, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі В.Нұрлыбаева талдау жүргізіп, өз бағаларын берді.