20
мамыр
2025
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 05-20-мамыр аралығында «Тәжірибе, әдіс, жасанды интеллект педагог шеберлігінің кепілі» тақырыбында модераторлар онкүндігінің жоспарына сәйкес 20 –мамыр күні бастауыш сынып мұғалімі Шабикова А.Ж. ұйымдастыруымен онкүндіктің жабылуы «Жасанды интеллект элементтерін сабақта қолдану» тақырыбында коучинг түрінде өткізілді. Коучингтің мақсаты: Мұғалімдерге білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарда түрлі педтехнологияларды тиімді қолдануға үйрету. Коучинг барысы Амандасу» тренингі арқылы басталды. Алдын ала берілген сілтеме бойынша сұрақтар берілді. Өздеріне керекті мәліметтерді түртіп ала отырып, өздеріне белгілі мәліметтерімен топта талқылады. Топтар SWOT талдауымен қысқаша талдау жасай отырып, сурет бойынша ойларын айтып, қорғады. «Болжау» әдісі, Genially, Gamma AI, AR studio платформаларымен қалай жұмыс жасау керектігі түсіндірілді. Мұғалімдер «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы парақшаларға кері байланыс жазып қалдырды.