06
мамыр
2025
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 05-20-мамыр аралығында «Тәжірибе, әдіс, жасанды интеллект педагог шеберлігінің кепілі» тақырыбында модераторлар онкүндігінің жоспарына сәйкес 5 –мамыр күні онкүндіктің ашылуы «Әлемді география
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 05-20-мамыр аралығында «Тәжірибе, әдіс, жасанды интеллект педагог шеберлігінің кепілі» тақырыбында модераторлар онкүндігінің жоспарына сәйкес 5 –мамыр күні онкүндіктің ашылуы «Әлемді география арқылы таны» тақырыбында 8-10 – сынып оқушылары арасында білімділер сайысы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың географиялық ұғымдар туралы білімдерін ортаға салып жарысу мүмкіндігін туғызу. География пәніне қызығушылығын, белсенділігін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойланып, тез шешім қабылдауға, бір – біріне көмектесуге тәрбиелеу. Сайысқа 2 – топ қатысты. І топ «Евразия», ІІ топ «Мадагаскар». Сайыс 5 турдан тұрды. І-тур «Кім жылдам?», ІІ-тур «Меннен сұрақ- сізден жауап» , IІІ-тур «Ең, ең, ең...», ІV-тур «Елтану», V-тур «Интеллектуалды жекпе- жек». Оқушылар берілген сұрақтарға нақты жауап беріп отырды.
Интеллектуалды сайысты қорытындылай келе әділқазылар алқасы топ ұпайларын есептеп жеңген топты атап марапаттады.
Интеллектуалды сайысты қорытындылай келе әділқазылар алқасы топ ұпайларын есептеп жеңген топты атап марапаттады.