22
қаңтар
2025
"Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс-шаралар жоспарына сәйкес 22- қаңтар күні информатика пәнінің мұғалімі Насиратдинова Н.С.
N22 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 1-4 сынып білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 13-31 қаңтар аралығындағы аудандық "Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс-шаралар жоспарына сәйкес 22- қаңтар күні информатика пәнінің мұғалімі Насиратдинова Н.С. ұйымдастыруымен цифрлық сауаттылық пәнінен " Бейнені өңдеу" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Videopad редакторында видео өңдеу және жазбаны сақтау. Сабақ барысында тиімді әдіс - тәсілдер қолданылып, топтық, жұптық, жекелей жұмыс жүргізілді және де жасанды интеллект платформалары қолданылды.
