01
сентябрь
2025
«Мектебім - мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
сілтеме видео
2025 жылдың 1- сентябрь күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектебім - мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру; білім алушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру;
білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
Мектеп ауласында салтанатты шараға шақырылған ата-аналар, мектеп оқушылары, білім беру саласы басшылары. Мереке салтанатты сапқа тұрғызудан басталды. Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері Багадилова Құралай Қуатқызы мен Сарымолдаев ауылдық округінің маманы Баян Абдиева, қатысып, оқушыларды білім күнімен құттықтады.
Мектеп директоры Б.Т.Бектурганов мектеп ұжымын, ата-аналарды, 1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесіне арналған «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиында құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Мусаева орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдер айқындау туралы бұйрығымен таныстырып өтті.
1 сынып оқушыларына алғашқы оқулығы “Әліппе” табысталып, әсем әнмен жалғасын тапты.