01
сентябрь
2023
«Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты жиынының өтілуі туралы.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 жаңа оқу жылының 1 сентябрь – Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы мектеп ұжымын,білім алушыларды, ата-аналарды, мектеп табалдырығын жаңа аттаған
1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесіне арналған «Мектебім-мейірім мекен» атты салтанатты жиында құттықтап, ізгі тілегін білдіріп өтті.
Салтанатты жиынға аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Зеткулов Қуат Есболатұлы, Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Дәрімқұлов Қанат Анарбекұлы және Екпінді ауылының ақсалы Ермекбаев Шөңкебай барша оқушылар мен
1 сынып оқушыларын Білім күні мерекесімен құттықтады.
Мектебіміздің өнерлі оқушылары «Алғашқы қоңырау», «Шәкірт тілегі», «Мектебім» атты әндерін тамылжыта орындады. Қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің 11-сынып түлегі Кенжеқұл Дана
мен 1 сынып білім алушылары Ержан Бақберген, Байдәулет Әминаға берілді.
Сонымен қатар 1-11 сыныптарында «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылып өткізілді.