









№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 сентябрь - Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында 2022-2023 жаңа оқу жылының 1 сентябрь – Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»атты салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы мектеп ұжымын, ата-аналарды, 1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесіне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиында құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Мусаева орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдер айқындау туралы бұйрығымен таныстырып өтті.Салтанатты жиынға аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Аудандық білім бөлімінің әдіскері Сақыбай Айбек Қайратұлы, Меркі аудандық мемлекетік мұрағат директоры Жантаев Ринат Құдайбергенұлы және мектептің қамқоршылық кеңес мүшесі Жантұрсын Қалмаханбетов, 1 сынып оқушыларын Білім күні мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар 1-сынып оқушысы Байдаулет Айдардың ата-анасы Амирова Жанерке Керімбекқызы 1 сынып оқушыларын Білім күнімен құттықтады.Мектебіміздің өнерлі оқушылары «Алғашқы қоңырау», «Ұстазым», «Мектебім» атты әндерін тамылжыта орындады. Қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің 11-сынып түлегі Жанұзақ Мерей мен 1сынып білім алушылары Нұрлан Ару мен Байдаулет Айдарға берілді.
Сонымен қатар -11 сыныптарында «Терең білім, еңбекқорлық және
отаншылдық қасиет» тақырыбында 1 бірыңғай сынып сағаты өткізілді.