Ия, біз туберкулезді жеңе аламыз » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » Ия, біз туберкулезді жеңе аламыз
21
март
2025

Ия, біз туберкулезді жеңе аламыз

Тақырыбы: Ия, біз туберкулезді жеңе аламыз
Мақсаты: Білім алушылардың туберкулез туралы ұғымды терең ақпараттандыру, аурудың алдын алу шараларын насихаттау, әрі ерте диагностикалау мен емдеудің маңыздылығын түсіндіру. Туберкулездің алдын- алуда қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірін сақтау.
Түрі : Акция
Қатысушылар:мектеп директоры Б.Бектурганов,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Батырбекова,әлеуметтік педагог Г.Оспанова ,мектеп медбикесі Ұ.Мырзабаева,8-11сынып оқушылары,қонақтар
Барысы:1.Кіріспе
Құрметті қонақтар әріптестер, біздің болашағымыз білім алушылар көктемнің тамаша күнінде бас қосып отырғанымызға қуаныштымыз. Қазақстандықтар Март мейрамын жыл сайын он күн бойы – 14-23 март аралығында тойлауды қолға алып отыр. Онкүндік «Мартнама» деп аталды. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа жыл мен көктемнің басталуын бейнелейтін, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тамыр жайған басты мерекелердің бірін атап өтудің жаңа форматы ұсынылған еді.Сондай –ақ «Тәуелсіздік және Отаншылдық» айлық негізінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 24- февральнан 24 март аралығында «Туберкулез айлығы» өткізіліп жатқанын білеміз. Бұл акция туберкулезді бақылау мен оның таралуын азайту мақсатында өткізіледі, сондай-ақ қоғамның денсаулығына үлкен қауіп төндіретін осы ауруға қарсы күреске назар аударуды көздейді
Соның аясында бүгін «Ия, біз туберкулезді жеңе аламыз» атты іс шарамызға қош келдіңіздер.
Ендеше бүгінгі қонақтарымызбен таныс болыңыздар:
1. Әбдешова Қалбүбі Жексенбиевна Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы
2.Уалиева Элмира Советқызы СӨСҚ медбикесі
3.Дауренбекова Қарақат Балагазиевна СЭС бас маманы
Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Бектурганов Бауыржан ағай ашты .
Өткізілген іс-шарамыздың бағдарламасы
Екі бөлімнен тұрады, бірінші ақпараттық бөлім және «Салауатты өмір салтын сақтайық» деп аталатын дарынды балалардың өнерін тамашалау