12
май
2022
«Сабақты зерттеу, бақылау оны жақсарту» тақырыбында өткен семинар.


Білім беру саласында оқушылардың танымдық білімін қалыптастырумен қатар білік-дағдыларын дамыту да тең дәрежеде қарастыру қажеттілігі танылып отыр. Сабақты зерттеу, бақылау - оқыту мен оқу сапасын жақсарту мен тәжірибелерді жүзеге асыру, бірлесіп зерттеу жүргізу, өзара көмек беру - ақпарат алмасу алаңы. Осы мақсатта №39 Т. Қожекеев атындағы мектеп гимназиясында , педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының директоры Нарегеева Агура Маарбановна «Сабақты зерттеу, бақылау оны жақсарту» тақырыбында семинар өтті. Семинарға мектеп үйлестірушісі Оспанова Г.Б және мектеп тренері Төрежанова К.Д қатысты. Олар семинардан алған білім берудің жаңа мазмұны бойынша сабақ үрдісінде берілетін теориялық білімді оқушылардың өмірде қолдана білуіне жан-жақты басымдық беру шеберлігімен бөлісуді жоспарлауда
Мектеп үйлестірушісі: Оспанова. Г.Б