15
сентябрь
2020
Оспанова Гүльзия Бахтыбайқызы

Гүлзия 1966 жылы 26 мартда Жамбыл облысы Меркі ауданы, Сұрат ауылында дүниеге келген. Жастайынан өнерге құштар болды. Оның суреттері «Пионер» газеттерінде жарық көрген. Мұғалім болып, ұрпаққа тәрбие беруді армандаған ол Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық колледжді «сызу және бейнелеу өнері» бөлімін қызыл дипломмен аяқтап ,артынша Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы институтты тәмәмдайды.Еңбек жолын Меркі орталығындағы «Жас суретшілер» мектебінде мұғалім болудан бастайды.Ол білім берген 2 оқушысы Ленинград қаласындағы В.Е Репин атындағы жоғарғы оқу орнын , 7 оқушысы педагогикалық университеттің «бейнелеу өнері» бөлімін тамамдап педагог жолында бейнелеу өнері пәнінен сабақ беруде.Оспанова.Г.Б жас ұстазға тәлім- тәрбие беруден жалықпайды . Оның тәрбилеген ұстаздары аудандық, облыс көлемінде бас жүлделерді иеленуде. Сонымен қатар сабақтары, мақалаларын жариялап тұрудан ерінген емес. «Ғылыми «зденіс » республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Проекциялау әдісі» мақаласы шығып, пәннің жаңаша әдіс- тәсілін ашқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. Облыстық «Дарын» журналына, аудандық «Меркі тынысы»,. «Меркі ақиқаты» газеттерінде ұрпаққа тәрбие беру мақсатында басылымдарға мақалалары жарияланды Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Графика және жобалау» пәні бойынша біліктілік курсын аяқтады. Гүлзия тек оқушыларға бейнелеу өнері пәнінен сабақ беріп қана қоймай, аудандық, облыстық әдістемелік байқауларға да қатысып білімін шыңдап жүрген шығармашыл ұстаз, оның дәлелі ретінде облыста өткізілген «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты әдістемелік байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғаны.Облыстық «Шығармашыл мұғалім» портфолио байқауының жеңімпазы.Мектепте білім алушылары Республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері: Республикалық «Жүзден жүйрік» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырылған шығармашылық байқаудың «Сыр шертеді мың бояу» номинациясында төрт білім алушысы үздік бағалауға ие болған. «Шабыт» білім беру –әдістемелік орталығының «Ғарышқа саяхат» атты республикалық шығармашылық интернет – байқауының «Мен ғарыштың суретін саламын » номинациясында ІІІ дәрежелі диплом, Білім беру-әдістемелік орталығы «New Opportunities» жауапкешілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырған «Ғажайып қиял әлемі» байқауында «Пластилиннен жасалған сурет» номинациясының ІІ дәрежелі дипломы,Республикалық «Атадан мұра» қорының ұйымдастыруымен «Ұлы дала ұрпағы » байқауының І дәрежелі дипломдары, «Балдаурен» орталығының ұйымдастыруымен «Қош келдің Март» атты республикалық байқауында 2 білім алушы ІІ дәрежелі дипломмен , «ТИО КЗ» қашықтықтағы олимпиадасында 7 оқушы І,ІІ дипломдармен марапатталды.Екі жылда 38 дарынды оқушыларды «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігінің «Бейбітшілік әлемі байқауына қатыстырып, дарынды балаларды дайындағаны үшін «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігінің «Бейбітшілік әлемі төсбелгісімен және дипломымен марапатталды. Гүлзия Бахтыбайқызы бейнелеу өнері мен қатар айтыс өнеріне де талай шәкіртті тәрбиелеген жан-жақты өнерлі ұстаз.