23
декабрь
2021
«Иррационал теңдеулер мен олардың жүйелері»
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде жаратылыстану-математикалық пән бірлестік апталығының жоспарына сай математика пәні мұғалімі Джарылкапова А.А. 11- сынып білім алушыларымен «Иррационал теңдеулер мен олардың жүйелері» тақырыбында алгебра және анализ бастамалары пәнінен ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Жас ұстаздарға бағыт, бағдар бере отырып оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттырып, шығармашылыққа баулу. Сабақ барысында Bilimland, Daryn.Online платформаларын пайдаланды, сонымен қатар оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында Pisa халықаралық зерттеу есептерін шығарды. «Ұстаз білімді болса, пән қадірлі» оқу процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне оқушыларды өздігінен білім алуға үйретуге байланысты.
