Жарқын болашаққа оң бастама
Ұстаз – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын жауапкершілігі мол қастерлі мамандық. Осы мамандық иелері –жас ұрпақтың сәулеткері, қоғам, халық өздерінің үкілеген үміті мол болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Олар осы сенімді жүктей отырыпзерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адами құндылықтарды болашақ ұрпақ бойына дарытып, сыни көзқарасы қалыптасқан, өзіндік ұстанымы бар тұлғаларды тәрбиелеуде.
Халқымызда «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» деген керемет даналық сөз бар. Иә, біз ұстазын ұлықтаған, оған жоғары баға беріп, ұстаз беделі мен мәртебесін биік санаған елміз. Десек те, соңғы кезеңдерде педагог мәртебесіне немқұрайды көзқарас танытып, ұстаз еңбегінің еленуінде біршама олқылықтардың орын алып жатқаны жасырын емес. Міне, сол немкеттіліктердің орны толғалы тұр.
Мемлекет басшысы Қасым –Жомар Тоқаев жаңа жыл қарсаңында «Педагог мәртебесі» заң проект на қол қойды. Бұл шынтуайтына келгенде, мұғалімінің оқушы алдында бір ғана емес, жалпы ел арасындағы беделін биіктетудің негізі десек, артық айтпағанымыз. Осы тұрғыда мемлекет басшысы ұлт болашағының жарқын болуы жолында оң бастама көтерді.
Жалпы заң 21 баптан тұрады және жарты милионнан аса педагог мамандардың жұмысына қатысты. Педагог мәртебесін айқындайтын заң 4 бағытты қамтиды. Игі бастаманың жаңашылдықтарын да айта кетсек артық етпес.
Біріншіден, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту.
Екіншіден,мұғалімінң қызметіне қойылатын талаптар күшейту.
Үшіншіден, материалды емес стимул тетіктері.
Төртіншіден, материалдық ынталандыру.
Үлгілік оқу жоспарлары төмендеуі есебінен 2021 жылдан бастап оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендейді.Заң бойынша педагог мамандардың балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейнгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беріледі.
Тәлімгерлік үшін заң аясында қосымша ақы төленеді яғни, бір базалық жалақы 17000 теңге көлемінде. Педагогикалық шеберлік үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы еңгізіледі. Халықаралық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарына, түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың лауреаттарын дайындаған педагогтерге 3 лауазымдық жалақыға дейін бір жолғы сыйақы төленеді. Сонымен қатар, педагогтер сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы алады. Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына білік санаты үшін жалақы арттыралады.
Жалпы , «Мұғалім мәртебесі» заң проект ның бекітілгені, тек осы мамандық иелерінің ғана емес, ұстазын ұлықтайтын талай жанның арманының орындалғаны деп білген жөн.
№22 жалпы білім беретін мектебінің директоры Е.Е.Сейдалиев