Ұлы мемлекетке тың серпін » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » Ұлы мемлекетке тың серпін
07
декабрь
2018

Ұлы мемлекетке тың серпін

Қандай болмасын ұлттың тарихи кезеңі – оның болашағына әсер ететіні белгілі. Өйткені пайымдай білетін халық өз тарихы негізінде алдағы болашағын болжайды, арман-мұраттарына қол жеткізуге ұмтылады. Ұрпаққа өнеге болар құнды тарихы бар елдің көз тігер көкжиегі шексіз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын ұлтымыздың ізгі мұратын, халқымыздың арман, мақсат-мүддесін биік шыңға жетелер игі бастама ретінде көпшілік қауым зор ықыласпен қабылдады.
Расында, бұл игі бастама кешегі «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасымен ұштасып, толықтыруға негіз болатын мақсаттарды айқындады. Философиялық көзқарас тұрғысынан кеңістік пен уақыт және адам тұжырымдамасы мақалада нақты көрініс тапқан. Кеңістік сөзінің түкпіріне үңілсек, ол – шексіздік, ашықтық. Ал адамзат үшін ол жер, ел, аймақ, уақыт болатын болса, ғасыр, жыл, ай – бір сөзбер айтқанда тарих. Осы тұрғыда көреген басшының, сара жолды саясаткердің тарихқа деген көзқарасы, елдің тарихи орны мен болашағына деген бағдарын кеңістік пен уақытқа тоғыстыруды Заңдылық болса керек-ті. Десек те, аталмыш мақала – ұлттық менталитетімізге тән мәртебеге жол сілтейтін, өнеге өрісіне бастайтын жаңғырудың жолындағы еліміздің жарқын бағдары. Елбасы жазбасында сүбелі деп танылатын ойлар тізбесінде ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт, атқа міну мәдениеті, Ұлы даланың ежелгі металлургиясы, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны ұғымдарының өзегі, сондай-ақ, тарихи сананы жаңғырту жолындағы «Архив-2025», «Ұлы даланың есімдері, «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» тақырыбындағы тұжырымдардың қоғам талқысына түсуінің жүйесі ерекше. «Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз», - дейді мемлекет басшысы.
Біздің ата-тегіміздің шығу тарихы сонау сақтардан, түркілерден бастау алғаны белгілі. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы біз, кім екенімізді анықтаймыз. Анықтап қана қоймай, кім екенімізді әлемге таныавгуст және қалай, қандай бағытпен дамитынымыз жөнінде хабардар етеміз. Түркі империясы мен Қазақ хандығына ұласқан, осы уақытқа дейін сан алуан тағдыр кешкен сүбелі тарихымызда қымсынатын ештеңе жоқ, керісінше, ауыз білеп айтар құнды да бағалы дүниелеріміз көп. Елбасы жазбасында ашық айтылған, жүзеге асыру үшін жұмысла атсалысуға тиіс әрекеттер сол алтын қазына аталатын құндылықтарды паш етуге жол ашқалы тұр.
Мемлекет басшының бастамасымен тарихи тұлғаларға ескерткіштер қойылып, «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасын жүзеге асыруда мектептер мен барлық өңірдегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құрылып, сондай-ақ, еліміздің тарихының дамылсыз дамып өркендеуін көрсететін фильмдер түсіру қолға алынса, қазақ елінің әлемдік өркениеттегі орны айрықша болар еді деген ойдамыз.
«Біздің таризымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек»-деп мақалада айтылғандай, бабаларымызға келешек ұрпақ келелі құрмет көрсетіп, өткен мен болашаққа ортақ дүниетаным қалыптастырған кезде, Ұлы даламыздағы жаңғырған мемлекетіміз тың серпінді күшке ие болары сөзсіз.