«Парақорлық құрдымға апарар жол» » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» «Парақорлық құрдымға апарар жол»
20
январь
2022

«Парақорлық құрдымға апарар жол»

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» айлық іс-шара аясында «Парақорлық құрдымға апарар жол» атты  жас мамандармен дөңгелек үстел өткізілді
Мақсаты:  Лайықсыз адамның мансапқа иеленуі, біреудің ақысын жеу, зұлымдық, қоғамды артқа тарту деген сияқты көптеген зиянды әрекеттердің  алдын алу.Дөңгелек үстелге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова.П.Е қатысып, қоғамдағы кейбір адамдардың ар-ожданы, ұятының болмауы, оның тек өзін қара басының қамын ғана ойлауы парақорлыққа әкелетінін айтып, жастарды парасаттылық пен имандылыққа шақырды
Жас мамандар суреттерді таңдап алу  арқылы топқа бөлінді. , «Парақорлық құрдымға апарар жол» бейне үндеуі көрсетіліп, «Ия, жоқ» ойыны ойналды
«Парақорлықтың жолы »  бейнебаян арқылы ой өрбіп, жас мамандар өз ойын ортаға салды. Мектептің  әлеуметтік педагогы  ұйымдастырған  дөңгелек үстелге  қатысқан жас мамандар қоғам дамуының жаңа  жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойғандарын айтып тарасты.  Социальный педагог Оспанова. Г.Б