ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
🌹ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ🌹 ♻️ 22жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024жылдың 11-күні 7-11 сынып қыздарымен "Қыздарға әсемдік жарасады" атты қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында қыз балалардың тәрбиесі, мәдениеті, жүріс - тұрысы, сымбаты жайында түрлі кеңестермен таныстырылды. ♻️Мектеп медбикесі Ұ.Мырзабаева ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Гигиеналық талаптардың(бас, тырнақ, мектеп формасының таза болуы) сақталу керектігі сөз етілді.