11
январь
2024
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ

♻️ 22жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024жылдың 11-күні
7-11 сынып қыздарымен "Қыздарға әсемдік жарасады" атты қыздар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында қыз балалардың тәрбиесі, мәдениеті, жүріс - тұрысы, сымбаты жайында түрлі кеңестермен таныстырылды.
♻️Мектеп медбикесі Ұ.Мырзабаева ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Гигиеналық талаптардың(бас, тырнақ, мектеп формасының таза болуы) сақталу керектігі сөз етілді.
♻️Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова қыз балаларға көшеде беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адам жоқ орындарда қалмау керектігі, сондай-ақ зиянды әдеттерден аулақ болуға, әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт отырмауға кеңестер берілді
♻️Жиналыс соңында 9-10-сынып жетекшілер қыздарға жылы лебіздерін білдіріп, сабақтарына сәттілік тіледі.
"Еркін микрофон" әдісі арқылы қыздар жиналыс барысында айтылған кеңестерге өз пікірлерін білдіріп, кері байланыс жасады.
ДТІЖО : П.Е.Батырбекова