"Дәстүрлі оқыту кезеңінде сақтық шаралары" тақырыбында вебинар
Covid19 пандемеясының Білім беру жүйесіне айтарлықтай залал келтіргені баршамызға мәлім. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу,болдырмау мақсатында еліміздегі білім жүйесі қашықтықтан оқыту форматына көшті. №22 жалпы білім беретін мектебі Covid19 пандемеясына қарсы сақтық шараларын сақтай отырып дәстүрлі оқыту жүйесімен білім беруде. Осы тұрғыда мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің мұғалімдері "Дәстүрлі оқыту кезеңінде сақтық шаралары" атты вебинар өткізді.