23
сентябрь
2020
"Дәстүрлі оқыту кезеңінде сақтық шаралары" тақырыбында вебинар өткізілді

Covid19 пандемеясының Білім беру жүйесіне айтарлықтай залал келтіргені баршамызға мәлім. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу,болдырмау мақсатында еліміздегі білім жүйесі қашықтықтан оқыту форматына көшті. №22 жалпы білім беретін мектебі Covid19 пандемеясына қарсы сақтық шараларын сақтай отырып дәстүрлі оқыту жүйесімен білім беруде. Осы тұрғыда мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің мұғалімдері "Дәстүрлі оқыту кезеңінде сақтық шаралары" атты вебинар өткізді. Вебинар барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы арақашықтық сақтау, бетперде тағу , антисептиктер пайдалану, жеке гигиеналық сақтық талаптарын орындау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.