4 сыныпта "Тиімді тамақтану" тақырыбында тәрбие сағаты
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 4-сыныпта «Тиімді тамақтану» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылар дұрыс тамақтану, ас – адамның арқауы, денсаулық құндылығы туралы өз білгендерін ортаға салды. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсінді.