29
тамыз
2024
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.12.2023 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
2) конкурстық құжаттама – конкурсқа қатысуға өтінімді дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ұсынатын және конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін қамтитын құжаттар;
3) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):
мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында – орта білім беру ұйымы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда, орта білім беру ұйымы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы не білім беруді басқару органы не орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша орган;
мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда, мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы немесе білім беруді басқару органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша орган;
4) Қазақстан Республикасының резиденттері – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
5) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
6) көрсетілетін қызмет көрсетушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жүргізілетін белгілер;
7) құжаттың электронды көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" заңда (бұдан әрі – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм;
10) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) – мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесі;
11) көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) – тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
12) орта білім беру ұйымы – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
13) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау –Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;
14) өнім беруші – қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
15) сатып алудың сәйкестендіру коды – сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылған, әрбір сатып алуға (лотқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;
16) электрондық әмиян – конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге байланысты есептік операцияларды жүзеге асыруға арналған, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотында орналастырылатын, әлеуетті өнім берушінің жеке шоты.
2-тарау. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі
3. Тамақтандыруды ұйымдастыру:1. Орта білім беру ұйымдарында:
1) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды конкурстық негізде сатып алу арқылы жүзеге асырылады;
2) мектеп асханасының жабдығы болмаған және/немесе тозған жағдайда жаңа жабдыққа ауыстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады;
3) мектеп асханасында жабдықтар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін тиісті жағдайлар болған кезде –жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде асхана меңгерушісі, аспаз, ас үй қызметкері лауазымдары енгізген кезде конкурстық негізде білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу;
4) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
2. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында:
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды конкурстық негізде сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
1-параграф. Конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу
4. Конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындауды көздейді:1) егер конкурсты ұйымдастырушы тапсырыс берушінің өзі болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту – конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс берушінің көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарының (көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарының) тармақтарын веб-портал арқылы жіберуі;
2) конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыру және бекіту, конкурсты ұйымдастырушы өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің қызметкерлерін енгізу міндетті емес;
3) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту;
4) өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасының мәтінін веб-порталда орналастыру;
5) конкурстық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;
6) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;
7) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда орналастыру;
8) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
9) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану;
10) конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші,үшінші, төртінші және одан әрі кезектілік тәртібімен орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;
11) конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының жеңімпазбен шарт жасасуы.
5. Конкурстық құжаттамада не орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптарды белгілеуге не сатып алынатын қызметтердің, тауарлардың жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсетуге жол берілмейді.
6. Қызметті және (немесе) тауарларды сатып алуды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің қызметті немесе тауарларды сатып алудың бекітілген жоспары негізінде конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады.
7. Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерге және (немесе) тауарларға қажеттілік негізінде қаржы жылына арналған көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.
8. Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметті және (немесе) тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.
Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынады.
9. Көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болса, конкурсты ұйымдастырушының бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталға орналастырады.
10. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы конкурстық комиссияны бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
11. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.
12. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушының бұйрығымен құрылады және комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде бес адамнан тұрады.
Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және комиссияның жоқ мүшелерін ауыстырусыз дауыс беруге қатысады.
13. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша веб-порталда тіркелген жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін енгізеді.
14. Конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан не бірінші басшының немесе оның орынбасарының міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам айқындалады.
Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте, конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда бірінші басшы айқындалады.
15. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның қызметіне жетекшілік жасайды және осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.
16. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.
17. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, алмастыру құқығынсыз заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.
18. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастырушы болып табылатын, конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты органның немесе ұйымның лауазымды адамдарының арасынан айқындалады.
19. Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және веб-порталға орналастырады;
2) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ олар болған жағдайда басқа да құжаттарды орналастырады;
3) осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.
20. Конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі – Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, ол мыналарды қамтиды:
1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар санаттарының тізбесі, тауарларды жеткізушіні таңдау кезінде - Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесі;
2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма.
Қызмет берушіні таңдау кезінде білім беру органы бекіткен техникалық тапсырмаға өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың жобасына:
"Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына,"Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21857 болып тіркелген), "Тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 503 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14674 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес келетін тағамдардың атауын, тағам порциясының граммен, тағам ингредиенттерімен (граммен) массасын, бағалар мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорына, статистика жүргізу жөніндегі уәкілетті органның мәліметтеріне сәйкес бірлік үшін орташа баға ескеріле отырып тағамдар мен өнімдердің бағасын көрсете отырып, білім беру органы бекіткен перспективалық тарату-мәзірі;
бағалар мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорына, статистика жүргізу жөніндегі уәкілетті органның мәліметтеріне сәйкес бірлік үшін орташа баға ескеріле отырып тағамдар мен өнімдердің бағасын көрсете отырып, тапсырыс беруші бекіткен тағамдардың, буфет өнімдерінің, оның ішінде шырындардың, сусындардың және басқаларының ассортименттік тізбесі;
перспективалық тарату-мәзіріне және буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесіне сәйкес тағамдардың технологиялық карталары қоса беріледі.
3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін конкурсқа қатысуға өтінім;
4) төмендегі есеппен бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер:
150-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 1 ас үй жұмысшысы;
151-ден 350-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 2 ас үй жұмысшысы;
351-дан 650-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 3 ас үй жұмысшысы;
651-ден 1300-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 2 аспаз, 4 ас үй жұмысшысы;
1301-ден 2500-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 3 аспаз, 5 ас үй жұмысшысы;
2501 және одан да көп білім алушысы бар білім беру ұйымдарында –кемінде 4 аспаз, 7 ас үй жұмысшысының болуы туралы растайтын құжаттардың көшірмелерін;
5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес қызметтерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары;
6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Қызмет көрсету туралы үлгілік шарт және 10-қосымшаға сәйкес Тауарларды жеткізу туралы үлгілік шарт.
21. Конкурс орта білім беру ұйымы конкурсты ұйымдастырушы болып табылмайтын жағдайда білім беру ұйымдары бойынша лоттарға бөле отырып (1 лот – 1 білім беру ұйымы) өткізіледі.
Егер тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы білім беру ұйымы болып табылған жағдайда, конкурс лоттарға бөлінбей өткізіледі (1 білім беру ұйымы – 1 өнім беруші).
22. Тауарларды сатып алу кезінде ұйымдастырушы тауарларды лоттарға бөле отырып конкурс өткізу және (немесе) жекелеген тауарларды мынадай топтар бойынша бір лотқа біріктіру туралы шешім қабылдайды: сүт өнімдері, ет өнімдері, көкөністер мен аскөктер, жемістер мен шырындар, балық өнімдері, ұн өнімдері мен жармалар (бұршақ өнімдері), басқа тауарлар.
23. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, сондай-ақ лоттарға бөлінген жағдайда конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
24. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысады.
25. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші келесі біліктілік талаптарына сәйкес келеді:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
2) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;
3) материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
27. Конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілгеннен кейін конкурсты ұйымдастырушы веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың жобасын қалыптастырады.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі кезеңде веб-порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасын орналастырады.
28. Конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.
Әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға веб-портал арқылы жіберуі мүмкін.
Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар конкурсты өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде болмаған кезде, конкурстық құжаттама бекітілген болып есептеледі.