Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының орындалуына жауапты тұлғаларды бекіту туралы » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының орындалуына жауапты тұлғаларды бекіту туралы
21
ақпан
2023

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының орындалуына жауапты тұлғаларды бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
№144 бұйрық/көшірме 
16 тамыз 2022 жыл                                                                                                              Екпінді ауылы
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының орындалуына жауапты тұлғаларды бекіту туралы
 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының орындалуына жауапты тұлғаларды бекіту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1.«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығының орындалуына жауапты болып директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Мусаева бекітілсін, ол болмаған жағдайда міндеті мектептің іс-қағаздарын жүргізуші С.Б.Амироваға жүктелсін.
2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №223 бұйрығына 3-қосымша «Бастауыш , негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының орындалуына жауапты болып директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Мусаева бекітілсін, ол болмаған жағдайда міндеті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбековаға жүктелсін.
3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының орындалуына жауапты болып директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Мусаева бекітілсін, ол болмаған жағдайда міндеті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбековаға жүктелсін.
4.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 11-қосымшасы «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының орындалуына жауапты болып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова бекітілсін, ол болмаған жағдайда міндеті директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Мусаеваға жүктелсін.
5.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39 бұйрығына 35-қосымша «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орындалуына жауапты болып директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Мусаева бекітілсін, ол болмаған жағдайда міндеті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбековаға жүктелсін.
6. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №202 бұйрығының орындалуына жауапты болып директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Мусаева бекітілсін, ол болмаған жағдайда міндеті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбековаға жүктелсін.
7.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Негіздеме: Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Мектеп директоры:                                            Е.Е.Сейдалиев 
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
№145 бұйрық/көшірме 
16 тамыз 2021 жыл                                                                                                        Екпінді ауылы 
Мектепке дейінгі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын орындау туралы 2022-2023 оқу жылында мектепке дейінгі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының орындалуына жауапты тұлғаларды бекіту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1.2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрығының «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» қағидасының орындалуына жауапты болып шағын орталықтың әдіскері А.Исмаилова бекітілсін, ол болмаған жағдайда міндеті шағын орталықтың тәрбиешісі Д.Адиловаға жүктелсін. 2.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Негіздеме: Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары 
  Мектеп директоры:                       Е.Е.Сейдалиев