Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру туралы » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру туралы
25
мамыр
2021

Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін   мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№ 89 бұйрық
06 мамыр  2021жыл                                                                          Екпінді ауылы
  Жазғы мектеп жұмысын 
ұйымдастыру туралы
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №203, Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасының  2021 жылғы  5 мамырдағы  №229-Ө, Меркі ауданы  білім бөлімінің 2021 жылғы 05 мамырдағы №132 бұйрығын орындау, сондай-ақ  меншік нысанына және ведомстволық  бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында  білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін оқытуды 2021 жылдың 26 мамыры мен 19 маусымына дейін оқытуды жалғастыруды  БҰЙЫРАМЫН:
  1. 2021 жылдың 26 мамыры мен 19 маусымы аралығында 1-10 сынып білім алушылары үшін  жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылсын.
1) 1-10 сынып білім алушыларының ата аналарына  немесе заңды өкілдеріне  түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өтініш алынсын.
     2) Мектептің іс-шара жоспары бекітілсін.
     3) 1-10 сынып білім алушыларына осы мерзім  аралығында сабақ кестесі жасалынсын.
    4) Оқу бағдарламалары басшылыққа алынып, педагогтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары бекітілсін.  
   5) Білім алушылардың осы оқу кезеңінде санитарлық талаптарды сақтауына жауапты болып сынып жетекшілері мен медициналық қызметкер бекітілсін. 
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.О. Султанбековаға  жүктелсін.
Мектеп директоры:                               Е.Е.Сейдалиев