Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 484 бұйрығы » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 484 бұйрығы
18
қараша
2020

Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 484 бұйрығы

«Коронавирустық инфекцияныңтаралуына байланысты шектеушаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 484 бұйрығы


«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы №62 қаулысының негізіндеБҰЙЫРАМЫН:
1.«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (М.Т.Мелдебекова) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.
5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары осы бұйрықты аудандық және қалалық білім бөлімінің назарына жеткізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов








Результаты согласования
14.11.2020 16:19:30: Зейнуллаулы А. З. (Управление правового обеспечения) - - cогласовано без замечаний
14.11.2020 20:16:24: Давлет Т. В. (Юридический Департамент) - - cогласовано без замечаний
16.11.2020 15:06:53: Дауленов М. М. (Руководство) - - cогласовано без замечаний