Директор жанындағы кеңес өткізілді » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директор жанындағы кеңес өткізілді
26
қыркүйек
2020

Директор жанындағы кеңес өткізілді

№22 жалпы білім беретін мектебінде 26.09.2020 жылы кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамызда № 345 бұйрығының 2-қосымшасында "Мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады" деп атап көрсетілген.Сол себепті де мектеп штаттық режимда жұмыс жасағанымен жиналыс санитарлық талаптарға сәйкес онлайн форматында жүргізілді.
Мектеп директоры Е.Е.Сейдалиев кеңестің күн тәртібімен таныстырып, регламентін бекіткен соң сөз кезегін баяндамашыларға табыстады. Аталған кеңесте жоспар бойынша бекітілген мәселелер толық қаралды. Директор жанындағы кеңеске педагогтар толық қатысып, жарыссөздерге де шығып, штаттық режимдегі жұмыстың басымдықтары мен сақтық шараларын сақтау бойынша да өз ойларын ортаға салды.