2020-2021 оқу жылында оқу ппроцесін ұйымдастыру » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020-2021 оқу жылында оқу ппроцесін ұйымдастыру
19
тамыз
2020

2020-2021 оқу жылында оқу ппроцесін ұйымдастыру

#22жалпы білім беретін мектебінде 2020  жылдың 19 тамызында    онлайн форматында Zoom программасы арқылы жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесіне мектеп әкімшілігімен қатар 33 мұғалім қатысты. Кеңестің тақырыбы:2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру. Мақсаты: короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерімен педагогтарды хабардар  ету. 
Мектеп директоры Ербол Есеналыұлы Сейдалиев өз сөзінде ұжымды педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі қаралатын мәселелерімен таныстыра отырып, ондағы жаңа оқу жылының форматы, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары, қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер, олардың имиджі және этикетті сақтау,  білім алушыларды бағалау ерекшеліктері,  сонымен қатар қашықтықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет платформасы мәселелеріне кеңінен тоқталып,  түсіндіру жұмыстары жүргізілді