«Парақорлық құрдымға бастар жол» атты мектеп мұғалімдерімен дөңгелек үстел » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Парақорлық құрдымға бастар жол» атты мектеп мұғалімдерімен дөңгелек үстел
07
қаңтар
2021

«Парақорлық құрдымға бастар жол» атты мектеп мұғалімдерімен дөңгелек үстел


№22 жалпы білім беретін мектебінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жұмыстарының айлық іс-шара жоспарына сәйкес 18.01.2021жылы «Парақорлық құрдымға бастар жол» атты мектеп мұғалімдерімен дөңгелек үстелі өтті. Оны мектебіміздің шығармашыл ұстазы, әлеуметтік педагогы Оспанова Гүлзия Бақтыбайқызы ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде парақорлық, сыбайлас жемқорлық жайлаған елде әділетсіздік, имансыздық, қызғаныш қаулап тамыр жаяды. Осының кесірінен, басшы мен қызметшінің және өзге де адамдар арасында шынайы рухани достық жоғалып, уақытша жалған жақындық пайда болатыны айтылып, ұстаздар ой бөлісті. Парақорлықтың нәтижесінде, уақыт өте олар бір-біріне сенімсіздік білдіріп, сатқындық жасап, ақиқаттан адасып, қоғамда тыныштық бұзылғаны, пара алған адам жеңіл жолмен келген ақшаны қайта -қайта тапқысы келетіні туралы бейнебаян көрсетілді. Абай атамыз айтқандай қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ. Пара алушы да беруші де қазақ халқы (қазақстандық халық). Пара бір адамның өз ісінің алға басуы үшін басқасына берілген заңзыз ақша немесе пайда.Бірақ сол пайдадан еш пайда болмайтынын ұғатынын жеткізген ұстаздар, өмір жолдарында парақорлықты кездестірмегенін айтып үлгерді. Жүздеген жылдар бойы қалыптасып, жетілдіріліп, дамытылып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» Қазақстан Республикасының Конституциясымен сабақтасып жатқандай. Сол үшін де оны ардақтап, құрметтеу – баршамыздың парызымыз.