«Қазақстан – құқықтық мемлекет» тақырыбында айлықтық өткілуі.
№22 жалпы білім беретін мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1-31 қазан аралығында «Қазақстан – құқықтық мемлекет» тақырыбында айлықтық өткілуі туралы
Хабарлама
29.09.18ж ДТЖО Чимбатчаева М.З. сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1-31 қазан аралығында «Қазақстан – құқықтық мемлекет» тақырыбында айлықтықтың жоспарын құрып бекітті. Өткізілген айлықтың мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру. Ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту. Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру. Жоспары бойынша 02.10.18ж
10 – сынып жетекшісі Түлек А. «Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің мақстаты: оқушыларға құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам жайлы жаңа тақырыпты меңгеру. Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
05.10.18ж 9-сынып жетекшісі Бакеева А. «Құқықтық мемлекет ұғымы және белгілері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
08.10.18ж 8-сынып жетекшісі Аманов М. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс» тақырыбында пікірталас ұйымдастырып өткізді.
11.10.18ж 7 «а», «ә» сынып жетекшілері Мәмбеталиева А. Саркулова Ж. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырып өткізді. Интеллектуалды ойын сабағының мақсаты: «Сыбайлас - жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүние танымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабідеттерін дамыту. Өз мемлекеттеріне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады. Интеллектуалды ойын пікірталас, сұрақ – жауап, видеоролик әдістерімен ұйымдастырылды. Оқушыларға сыбыайлас жемқорлық туралы түсінік беріліп, слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтірілді. Интеллектуалды ойынды «Литмонтаж» арқылы бағалады.
16.10.18ж 6-сынып жетекшісі Оспанова Г. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында сайыс сабағын ұйымдастырып өткізді. Сайыс сабағының мақсаты: сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру. Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу. Оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйрету. Патриоттық тәрбиеге баулау.
19.10.18ж 5 «а», «ә» сынып жетекшілері Джарылкапова А. Байтемирова А. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында әңгіме сабағын ұйымдастырып өткізді.
22.10.18ж 3-4 сынып жетекшілері «Жемқорлықпен күресу» тақырыбында тәрбие сағат ұйымдастырып өткізді.
25.10.18ж 2 «а», «ә» сынып жетекшілері Жүндібаева С. Айтқазиева Ж. «Заң барлығына ортақ» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізді.
30.11.18ж 1 «а», «ә» сынып жетекшілері Төрежанова К. Шабикова А. «Адамгершілік адамның жоғары қасиеті» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушы бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық қасиеттерін қалыптастыру. Тәрбие сағат сыныптарды топқа бөліп сөйлемдерді жалғастыру, видео, құпия хаттарға жауап, сұрақ беру, постер құрау, рефлекция бөлімдерімен ұйымдастырылып өткізілді. Тәрбие сағатқа оқушылар белсене қатысты.
Мектеп директоры: Сейдалиев Е.Е