Ұстаздардың төл мерекесі. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаздардың төл мерекесі.
05
қазан
2018

Ұстаздардың төл мерекесі.

№ 22 жалпы білім беретін мектеп 

Ұстаздардың төл мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы 

Хабарлама  

         2018 жылдың 05 қазан күні оқушылар ұстаздарды таңнан өздернінің гүл шоктарымен  құттықтау сөздер айтып қарсы алды. Оқушылар «Өзін өзі басқару» күнін ұйымдастырып, мұғалімдер 9-10 сынып оқушыларынан өздерінің пәндері бойынша мұғалім тағайындап, сабақтарды өткізді.  Мектеп директорының орнына мектептің Ұлан басшысы Қонысбай Ерзат, директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасарының орнына Кенжеқұл Мұхтар т.с.с. әр пән мұғалімдеріне де оқушылар қамтылып, сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар оқушылардың ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлы Есім!» атты концерттік бағдарлама  ұйымдастырды. Концерттік бағдарламаны мектептің директоры Сейдалиев Е.Е. құттықтау сөзімен ашылды. Сонымен қатар мектепте белсене атсалысып, оқушыларға үлгілі тәрбие беріп жүрген мұғалімдерге мақтау грамоталармен мараттады. Концерттік бағдарламада оқушылар өздерінің өнерлерін паш етті. Атап айтқанда 5 «ә» сынып оқушылары ұстарға арнап өлең шумақтарын оқыса, 7 «ә» сынып оқушыларға «Ұстазбен оқушы» тақырыбында пародия қойды. Сонымен қатар 9-сынып оқушылары Ергеш Ұлбосынмен Қадірбек Азат ұстаздарға арнап ән шашу тарту етті. 4 сынып оқушылары «Әуе шарлары» биін биледі. Концерттік бағдарламаның соңында оқушылар ұстаздарға ізгі тілектерін білдірді.