" Әжемен сырласу","Қазақ қыздарының шаш үлгісі" әңгімелесу, дөңгелек үстел » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» " Әжемен сырласу","Қазақ қыздарының шаш үлгісі" әңгімелесу, дөңгелек үстел
21
қаңтар
2021

" Әжемен сырласу","Қазақ қыздарының шаш үлгісі" әңгімелесу, дөңгелек үстел


№22 жалпы білім беретін мектебінде жоспарға сәйкес Адамгершілік- жыныстық тәрбие жұмыстарының және кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында " Әжелер мектебі"  жоспарға сай кеңес мүшелерімен 
"Отбасы-бақыт мекені",
" Әжемен сырласу","Қазақ қыздарының шаш  үлгісі" әңгімелесу, дөңгелек үстел өнеге көрсету,отырыс іс-шаралар  уақытында санитарлық талаптарды сақтай отыра өткізіліп отырылуда.Осы орайда әжелер мектебінің алар орны ерекше.Адам өмірінің мәні ,көз қуанышы-бала.Бала бойындағы табиғи қасиеттер , адамгершілік құндылықтары отбасында ,мектепте,әлеуметтік ортада қалыптасады.Әрбір ата-ана қоғамға ең алдымен дені сау,ұлттық сана сезімі ояу,мәдениетті,еңбекқор сынды бойында басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан ұлтжанды ұл мен қылықты қыз тәрбиелеп,ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген. Тәрбие кешіктірілсе кешірмейтін,дұрыс бағыт алмаса ,қалпына келмейтін игілікті де ізгілікті іс екенін ұғындыру .Бүгінде армандарға жетелеп,алыстарға қол создыратын әже әңгімелерінің орнын теледидар мен ғаламтор алмастырған заманда ,жас ұрпақтың бойына ата-ананы қадірлеу ,улкен -кішіге құрмет көрсету, адамгершілік қасиеттерді сіңіріп өсулеріне елдің қамын ойлар нағыз патриот азаматтарды тәрбилеуге ат салысуымызды естен шығармаған абзал.