06
қыркүйек
2023
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ КОНКУРС

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
- осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері сайлана алады:
- педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
- жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
- үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
- қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
- оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымы ұсынады.
📝КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
Конкурс келесі кезеңдерді қамтиды:
1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;
2) іріктеуден өткен үміткерлердің құжаттарын білім бөліміне ұсыну;
3) үміткерлердің ұсынылған құжаттарын білім бөлімінде құрылған комиссиясында қарау;
4) комиссияның хаттамалық шешім.
Үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініштерін 2023 жылдың қыркүйек айының 7-26 күндері аралығында білім бөліміне қарасты білім беру ұйымындарында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс 13.00.-14.30. аралықта ұсыну тиіс.
Конкурс өткізілетін орын: №22 жалпы орта білім беретін мектебі
Мекен-жайы: Екпінді ауылы, Т.Рысқұлов көшесі #214А
Телефон номері: 8747 569 47 26
Электрондық пошта: mektep_22@mail.kz