Қамқоршылық кеңесінің жоспарлы №2 отырысы. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесінің жоспарлы №2 отырысы.
12
наурыз
2022

Қамқоршылық кеңесінің жоспарлы №2 отырысы.

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы.

№22 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы қамқоршылық кеңесінің №2   отырыс өтті. Отырыста «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің  жұмысын ұйымдастыру және  оны сайлау тәртібінің  үлгілік   қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2017 жылғы 27 шілдедегі №355 және Меркі аудандық білім бөлімі басшысының 2022 жылғы  10 наурыздағы № 105-Ө бұйрықтарына сәйкес қамқоршылар кеңесі мүшелерінің аталған ұйымға өкілеттік мерзімін  ұзарту мәселесі қаралды. Кеңес мүшелерінің аталған ұйымға өкілеттік мерзімін ұзартуға   арналған «Меркі аудандық білім бөлімі басшысының 2022 жылғы  10 наурыздағы № 105-Ө бұйрығымен таныстырды.Жарыссөзге түскендер:Сөйледі:  Қамбарова Гүлнар    Жарылкасыновна өзінің денсаулығына байланысты,Қамқоршылық кенес мүшесінен бас тартып,  Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округінің маманы Әлімжанова Сағыныш Смағұлқызын   сайлауды өтінемін, сондай-ақ Қамқоршылық кеңес өз жұмысын тиянақты және абыроймен атқарып келеді сондықтан осы кеңес мүшелерінің жұмысты жалғастыруын  қалар едім-деп   өз ұсынысын білдірді.

Ашық дауыс нәтижесінде кеңес: қамқоршылық кенес мүшесіне,  Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округінің маманы Әлімжанова Сағыныш Смағұлқызы сайланды.Акетаев Аманжол Аликеримовичтің кеңеске төрағалық өкілеттік мерзімін 3 (үш), жылға,2025 жылдың 12 наурызына дейін ұзартты.Кеңес мүшелерінің де өз келісімдерімен  3 жылдық мерзімге ұзартылды.