18
қаңтар
2022
« Әке мен бала достығы- ең қымбат құндылық»
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде « Әке мен бала достығы- ең қымбат құндылық» «Берекелі шаңырақ » қоғамдық кеңесінің қатысуымен және әкелермен кездесу өтті Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Ауыл әкелерін абыройлы , үлгілі отағасына, қадірлі аға бола білуге шақыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту. Кездесуге мектеп директоры Сейдалиев Е. Е,Ақсақалдар кеңесінің төрағасы: Ақылбаев Е. С,мүшесі: Чернобыль оқиғасының ардагері Ақназаров Қ. Ж,Әкелер кеңесінің төрағасы Нусупбаев М. Ш, мүшесі Тулек А.О және Ауылдың құрметті азаматы, Семей ядролық полигонында әскери борышын абыройлы атқарған Қадыров Ә. П,көпбалалы отбасының әкелері: Орынтаев Е. М , Сулейменов Р. Ж сондай-ақ жоғарғы сынып ұл балалалары қатысты. Кездесуді мектептің әлеуметтік педагогы ОспановаГ.Б ұйымдастырып, жүргізді. Мектеп директоры Е.Е Сейдалиев әкелердің жиналысқа сирек келетінін айта келе , әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы.«Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп»- деді. «Амандасу» тренингімен қызықты басталған кездесуді ,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова П. Е жалғастырып, «Тәрбие басы-тал бесік» атты баяндамасын слайд арқылы көрсетті. Ол сөзін: баланың бас ұстазы – ата-ана. Баланың бойына жастайынан ізгілік, адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде сіздер мен біздердің борышымыз деп түсінемін деп аяқтады.Кездесуде «Әке арманы» атты бейнебаян көрсетіліп,пікіралысу болды, «Жасырынған сөз» ойыны ойналып, «Тілек ағашы» кері байланысы алынған кездесуде әкелердің қызығушылығы артып, мектепке жиі келіп тұратыны айтылды.
Әлеуметтік педагог: Оспанова .Г.Б



Әлеуметтік педагог: Оспанова .Г.Б



