Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз!
№ 22 жалпы білім беретін мектебі
22 наурыз – мейрамы күніне арналған
іс – шараларының өтілуі туралы
Хабарлама
Наурыз айының 11 күні 22 наурыз – мейрамы күніне арналған іс – шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша 13 наурыз күні бейнелеу пән мұғалімі Е.Бегасылов «Наурыз – нұрлы жол басы» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырса наурыз айының 14 күні 1-2 сынып жетекшілері К.Д.Төрежанова және Ж.У.Айтқазиева оқушыларға Наурыз – жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңызын және ата-бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан салт-дәстүр, ұлттық тәрбиені түсіндіру мақсатында «Армысың әз Наурыз» тақырыбында салт-дәстүр кешін ұйымдастырып өткізді.
Сонымен қатар «Наурыз мерекесі – бейбітшілік пен игілік мейрамы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып өткізіді.
15.03.2019 ж 3-4 сынып жетекшілері А.Шабикова және Э.Сұраубаева «Төрлет, төл мереке әз Наурыз!» тақырыбында театрландырылған бағдаралама ұйымдастырып өткізсе 5-10 сынып жетекшілері «Береке басы Наурыз» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттарын ұйымдастырып өткізді.
16.03.2019 ж «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымының мүшелері «Алас» күнінің аясында «Бұлақ көрсең – көзін аш!» айдарымен жалпы сенбілікке шықты.
18.03.2019 ж дене шынықтыру пән мұғалімдері «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» және «Жүйрік болсаң оза шап» тақырыптарында ұлттық ойындар сайысын ұйымдастырып өткізсе 1-4 сынып жетекшілері «Ынтымақ» күніне арналған
«Бірлік – бабалар өсиеті» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізді.
19.03.2019 ж технология пән мұғалімдері М.З.Чимбатчаева және Е.Бегасылов «Шуақты наурыз» тақырыбында шығармашылық жұмыстар көрмесін ұйымдастырып өткізді.
20.03.2019 ж ДТЖО П.Батырбекова ӘБ жетекшілері және мектеп тәлімгері ауыл түрғындарымен «Наурыз той басы» тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізсе 5 -10 сынып жетекшілері «Береке» күніне орай «Береке, Бірлік, Ынтымақ» атты бірыңғай танымдық сынып сағаттары өткізді.