Алғыс айту күні » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алғыс айту күні
04
наурыз
2019

Алғыс айту күні

№ 22 жалпы білім беретін мектебі 

1-наурыз Алғыс айту күніне орай өткізілген 

іс-шаралардың өтілуі туралы 

 

Хабарлама  

 

       26.02.2019 ж ДТЖО П.Батырбекова басшылығымен 7 «ә» сынып жетекшісі Ж.Саркулова 1 – наурыз Алғыс айту  күніне арналған  іс – шаралар жоспарын құрып, бекітті. Жоспар бойынша «Алғыста шек болмайды» тақырыбында «Балбөбек» балабақшасында ашық тәрбие сағаттар болып өтті. 

      27.02.2019ж 1-4 сынып жетекшілері оқушыларға мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін  бойларына  сіңіру мақсатында  «Бізге алғыс айтуға себеп бар» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырып өткізді. Сынып жетекшілер оқушыларға әдептілік пен ізеттілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет  көрсету мәдениеті туралы  мағлұмат берді.  Байқауда оқушылар   ата-аналарына, ұстаздарына, сыныптастарына  деген сүйіспеншіліктерімен  құрметтерін  көрсетті. 

     28.02.2019 ж 5-8 сынып жетекшілері оқущыларға «Сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынастарын дамыту және әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – ұлт ұлысқа ортақ үй» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттарын ұйымдастырып өткізді. 

     Сонымен қатар «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешілері «Жүрек бояулары» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырып өткізді. 

     01.03.2019 ж 9-10 сынып жетекшілері «Ризашылық» атты жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету акциясын ұйымдастырып өткізді. Сонымен қатар 7 «ә» сынып жетекшісі зейнеткер ұстаздарға алғыс білдіру мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізді.