22
қаңтар
2021
Қазақстан Республикасының рәміздерінің шығу тарихы мен ақпараттық түсіндіру жұмыстары




№22 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылдың қаңтар айының 22-күні бастауыш 1-4 сынып білімалушыларына сынып жетекшілері Қазақстан Республикасының рәміздерінің шығу тарихы мен ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.Осы орайда жас жеткіншектерге ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау көзделді.Рәміз -бұл мемлекеттік төл құжатымыз десек артық айтпаған болар едік .Рәміздерді насихаттаудағы мақсат-әрбір жас жеткіншектердің Отан,Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ мектебіміздің білім алушылары бейнероликтер тамашалап, мемлекеттік Гимнді орындап, рәміздердің авторларын жатқа айтты. Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп,өсуіне ықпал ету борышымыз болып саналатыны анық.
ДТІЖО П.Е.Батырбекова