24
ақпан
2020
«Тиімді тамақтану – денсаулықтың негізі» атты ашық есік апталығы
27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» акциясы аясында №22 жалпы білім беретін мектебінде тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, тиімді тамақтануды насихаттау мақсатында 2020 жылы 10-14 ақпан аралығында «Тиімді тамақтану – денсаулықтың негізі» атты ашық есік апталығы өткізілді.
Апталық дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде барлық мүдделі тараптардың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың ақпараттылық деңгейін көтеру, мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді.
Мектебімізде апталық жоспары жасалынып, атаулы іс-шаралар өткізілді. Онкүндік 10.02.2020 жылы мектеп жасындағы балалардың тамақтану режимі туралы, аурудың алдын алудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайында, тез даярланатын тағамдардың кері әсері туралы лездеме өткізіліп, оқушыларға балалардың, оның ішінде оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында ДДҰ ұсынған үйлесімді тамақтанудың 12 қағидасын ұстану маңыздылығы және аурулардың, оның ішінде жедел ішек инфекциясының алдын алу мақсатында қауіпсіз тамақтанудың 5 қағидасы туралы ақпараттар берілді. Лездемеге ДТЖО, әлеуметтік педагог, мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және барлық мектеп оқушылары және ата-аналары қатысты.
Апталық аясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Мырзаханов 11 ақпан күні 5-11 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» атты сауалнама жүргізіп, қорытындысын жасады. «Дұрыс тамақтанудың маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Тиімді тамақтану апталығының шеңберінде «Фаст фуд – жақтау және даттау» тақырыбында 9 сынып оқушыларының арасында дебат өтті. Дебатқа 9 сынып оқушыларынан құрылған екі топ қатысты. Жақтау және даттау топтары жақсы дайындалып келген. Даттау тобы фастфуд зияндылығы туралы нақты мәліметтер айтып дәлелдеді. Дұрыс тамақтану ұлтты сауықтырудың басты бөлігі болып табылады және аурулардың алдын алады. Топтар дипломдармен марапатталды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі В.Нұрлыбаева «Ақылмен тамақтан» тақырыбында 5-6 сынып оқушыларынан диктант алды. Диктант оқушыларға дұрыс тамақтану үшін гигиеналық ережелерді сақтау жолдарын түсіндіру, ақылмен, тиімді әрі режиммен тамақтануды үйрету мақсатында алынды. Диктантқа барлығы 31 оқушы қатысты.
Сонымен қатар апталық барысында 8 сыныпта «Дәрумендерге бай азық түлік туралы не білемін?», 6 сыныпта «400 грамм көкөніс пен жеміс-жидек – денсаулық кепілі», 7 сыныпта «Дұрыс тамақтану пирамидасы», 1-4 сыныптарда «Дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыптарында жүйелі сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының барысында дұрыс тамақтану қағидалары, артық салмақ пен семіздіктің алдын алу және т.б. туралы бейнероликтер де көрсетілді.
Жалпы №22 жалпы білім беретін мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты өткізілген ашық есік апталығының нәтижесінде үйлесімді және дұрыс тамақтану жөнінде оқушылардың және ата-аналардың ақпараттылық деңгейі артты. Тиімді тамақтану сапалық білім алудың негізі екендігі жөнінде кеңінен ақпараттық, насихаттау жұмыстары жүргізілді.