19
желтоқсан
2019
№22 жалпы білім беретін мектебіндегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы
Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылған. Жаңа стенді жасалынып, толықтырылған. Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалған. Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының барлығы 100 пайыз (91 оқушы) қамтылған.
Ең негізгі құжаттардың бірі – мәзір. Мәзір – белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі. Мектепте перспективалық ас мәзірі жасалып, бекітілген. Бракераждық жұмысты жүргізу мектеп медбикесінің жауапкершілігіне жүктелген. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізілген.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орын жабдықталған. Жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы қанағаттанарлық, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтары жарамды және ауа температурасы +4С көрсетіп тұр, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері өтпеген.
Қорыта келе, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарында, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарын орындауда айтарлықтай кемшіліктер анықталған жоқ.
Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, ағзада метаболизм, зат алмасу бұзылып, әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сондықтан да балаларға тамақтануды дұрыс әрі сапалы ұйымдастыру біздің міндетіміз.