20
ақпан
2023
«Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында кездесу.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айының 20 күні «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында Меркі АПБ ЖПҚ бастығының орынбасары полиция аға лейтенанты Мұратбеков Тамерлан Мақсатұлы, Меркі аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ УПИ полиция майоры Исахметов Айбек, Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры Е.А.Тупековтың қатысуымен 7-11 сынып білім алушылары арасында "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу барысында тыйым салынған заттар, баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болмайтыны туралы және т.б құқық бұзушылықтың алдын алуға бағыттылған зиянды заттардан және зиянды әдеттердің кері әсері туралы да айтып өтті.








