"Балалар жылына" байланысты атқарылған іс-шаралар » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балалар жылына" байланысты атқарылған іс-шаралар
21
сәуір
2022

"Балалар жылына" байланысты атқарылған іс-шаралар

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2022жылдың сәуір айының 21-күні 9-11сынып білімалушыларымен Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚ.К. Тоқаевтың 2022 жылды "Балалар жылы"деп бекітуіне байланысты"Келешектің тұтқасы білімді ұрпақ" тақырыбында кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың ақыл ой, мәдени, рухани тұрақты дамытуға ынталандыруға мүмкіндік, мамандық таңдау, оқушыларға бағыт бағдар беру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жыл «Балалар жылы» деп бекіткенін барлығымыз білеміз.Осы орайда бізбен ой бөліскелі келіп отырған Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі Сабит Бабижанов мырза «Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта» атты кездесу кешімізде қонақта.
Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Қазақтың қара-домалақ балалары әлемдік деңгейде ел мерейін асыруда. Қарапайым ауылдан шыққан талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына қосылды. Иә, қай кезде де мемлекет баланың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінеді.Дарынды балалармен жұмыс жасау – уақыт талабы. Қазіргі таңда ғылыми тәжірибелер алаңы қалыптасып, мектеп жасынан балаларды зерттеу жұмысына бейімдеген
«Балалар жылы» аясында бітіруші түлектерге жағымды жаңалық техникалық мамандықтарға арналған гранттар санын арттыру қолға алынатынын , сондай-ақ балаларға өз өмір жолдарын айтып,балаларға сенім мен жігер беріп, ауыл әкімінің кабинеті әрқашан жастарға ашық екенін де баса айтып өтті.Кездесу соңында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Перуза Елубайқызы ауыл әкімінің болашақ жастарды қолдап ,ашық -жарқын еркін сұхбат бергені үшін ұжым атынан өз рахметін айтты.