01
ақпан
2022
"Мамандық таңдау- ертеңді ойлау"
N22жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес кәсіпкерлермен кездесу жоспарланған.Осы жоспар аясында 9сынып оқушыларымен "Мамандық таңдау- ертеңді ойлау" тақырыбында жеке кәсіпкер М. Омарходжаевпен онлайн кездесу өткізілді. Жеке кәсіпкер Омарходжаев Манат Болатұлымен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылып, жасөспірімдерге өзінің басынан өткен қиыншылықтары мен қуанышты сәттерімен бөлісіп, кәсіпті қалай бастағанын, алға қойған мақсаттарына жету үшін көптеген еңбектер атқарғаны туралы айтып өтті. Кездесу барысында оқушылар сұрақтарын қойып пікір алмасу жүрді. Кәсіпкер Манат Болатұлы оқушыларға сәттілік тілеп, алға қойған армандарына жетуге тілегін білдірді.
