8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар.
04
наурыз
2022

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар.

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай іс-шаралар жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы жоспар аясында 2022жылдың наурыз айының 4-күні  Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту, баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту,сонымен қатар ананың өлшеусіз еңбегін бағалау,қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында  Д.С.Абденова даярлық сыныбында"Аяулы анашым" тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді. Ана - тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы екенін, жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытқан аналар екенін жеткізу,анаға деген бала махаббатын ояту көзделді.Ертеңгілікте бүлдіршіндер ән мен жыр шумақтарын шашып өте жоғары деңгейде өтті.Ана -ұлы адам,Ана-құдіретті, демекші мерекелеріңіз құтты болсын Аяулы да құрметті азиз  аналар!ДТІЖО:Батырбекова П.Е.




2022жылдың наурыз айының 3-күні Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,сонымен қатар ананың өлшеусіз еңбегін бағалау,қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында сынып жетекші Қ.Байсалова 6-сынып оқушыларымен "Әлемді аялаған - Ана" тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылып өткізілді.





8-наурыз Аналар мерекесіне орай 10 сынып оқушылары, Аналар мерекесімен құттықтайды.


8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған #Анаға құрмет челленджі



"Ән мен жырым арналған-Анашыма!" тақырыбында мерекелік кеш 




А.Ж.Шабикова 3-сынып оқушыларымен"Ана-өмір шырағы" тақырыбында тәрбие сағаты






2022жылдың наурыз айының 3-5күндері "Ана -өмір шуағы","Әлемді аялаған-Ана"тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.



8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 1 "ә" сыныбының құттықтауы.



8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай іс-шара жоспары аясында 5-6сынып қыздары арасында байқау ұйымдастырылып өткізілді.





"Сыйынар ем Ана деген тәңірге"тақырыбында ДТІЖО П.Е.Батырбекова 11-сынып жетекшісі Қ.Қ.Сатқұнова жетекшілігімен мерекелік кеш.



Мектеп директорының әріптестерді 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтауы.