24
ақпан
2022
"Берекелі шаңырақ" ата-аналар қоғамдық кеңесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-4 сынып білім алушылары арасында "Менің әжемнің ертегілері"тақырыбында онлайн режимінде байқауы.
Серік Дамир
Жамбыл Майя
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың ақпан айының 24-күні "Берекелі шаңырақ" ата-аналар қоғамдық кеңесінің іс- шаралар жоспарына сәйкес 1-4сынып білім алушылары арасында сынып жетекшілердің ұйытқы болуымен"Менің әжемнің ертегілері"тақырыбында онлайн режимінде байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі әже мен ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,татулық, мейірімділікті, инабаттылық пен адамгершілікті ұлғайтуға тәрбиелеу көзделді.Байқауға қатысуға әжелер өз немерелеріне ертегі оқыды.Қазіргі заманда ғаламтор жайлаған зиянды әдеттерден аулақ болуға, жастайынан кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.Сондай-ақ "Ертегі тыңдап өспеген бала рухани мүгедек адам"деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай балаларды ұлттық құндылықтарымызды, әдет-ғұрыптарымызды сақтап,рухани құндылығын жоғалтпай, нағыз патриот етіп тәрбиелеу көзделді. ДТІЖО П.Е.Батырбекова