18
ақпан
2026
«Назар аударыңыз – балалар!» атты 10 күндік шараның іс-шара жоспары құрылып өз кезегінде ашылу салтанаты мектеп қабырғасында білімалушылар арасында ұйымдастырылды
22жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2026жылдың ақпан айының 17-күні «Назар аударыңыз – балалар!» атты 10 күндік шараның іс-шара жоспары құрылып өз кезегінде ашылу салтанаты мектеп қабырғасында білімалушылар арасында ұйымдастырылып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Аталған шара Қазақстан Республикасы көлемінде дәстүрлі түрде өткізіліп, балалардың жол қозғалысы ережелерін сақтауын, қоғамдық орындардағы қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруды көздейді. Шара барысында түсіндіру жұмыстары, профилактикалық кездесулер, сынып сағаттары, спорттық және танымдық іс-шаралар өткізу жоспарланды. Ашылу рәсімінде мектеп оқушылары белсенді түрде білетін жол ережелері мен тәртіптерін атап өтті және оқушыларды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелері бойынша қысқаша ақпарат беріліп, қауіпсіздікке байланысты жадынамалар таратылды. Шараның мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру.