3 -сынып оқушыларымен «Қауіпсіз қоғам». «Мен сақ болсам – бәрі қауіпсіз!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3 -сынып оқушыларымен «Қауіпсіз қоғам». «Мен сақ болсам – бәрі қауіпсіз!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
16
ақпан
2026

3 -сынып оқушыларымен «Қауіпсіз қоғам». «Мен сақ болсам – бәрі қауіпсіз!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Жасампаздық және жаңашылдық” айы аясында 16-ақпан күні 3 -сынып оқушыларымен «Қауіпсіз қоғам». «Мен сақ болсам – бәрі қауіпсіз!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру. Қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстауға үйрету. Жеке қауіпсіздік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Міндеттері:Тұрмыста, мектепте, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін еске түсіру; Төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын үйрету; Жолда жүру ережелері мен өрт қауіпсіздігі туралы білімдерін бекіту; Саналы, сақ, жауапты тұлға қалыптастыру. Сынып сағаты барысында оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін қауіпті жағдайлар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мысалдар келтіріліп, қауіптің алдын алу жолдары талқыланды. Оқушылар өз ойларын айтып, жағдаяттық тапсырмалар арқылы дұрыс шешім қабылдауды үйренді. Сынып сағаты соңында оқушылар “Сақтық- қауіпсіздік кепілі” екенін түсініп, өз қауіпсіздігі өз қолдарында екенін ұғынды.