02
ақпан
2026
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
2026 жылдың ақпан айының 2 күні 7 сыныбында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағаты барысында интернеттегі қауіпсіздік ережелері, жеке мәліметтерді қорғаудың маңыздылығы, белгісіз сілтемелер мен күмәнді хабарламалардан сақтану жолдары түсіндірілді. Оқушыларға кибербуллингтің алдын алу, әлеуметтік желілердегі мәдени қарым-қатынас нормалары туралы мәліметтер берілді.Мақсаты:Оқушыларға цифрлық ортадағы қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру, интернет пен әлеуметтік желілерді дұрыс әрі жауапкершілікпен пайдалануға үйрету. Киберқауіптер, кибербуллинг, алаяқтық, жеке деректерді қорғау жолдары туралы ақпарат беру арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет етуге, өз қауіпсіздігін сақтауға және саналы қолданушы болуға тәрбиелеу.