«Туы биік туған елім!» атты мерекелік салтанатты кеш өтті. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Туы биік туған елім!» атты мерекелік салтанатты кеш өтті.
12
желтоқсан
2025

«Туы биік туған елім!» атты мерекелік салтанатты кеш өтті.

https://www.instagram.com/reel/DSMVNlBDB7I/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2025 жылдың 12 желтоқсан күні «Туы биік туған елім!» атты мерекелік салтанатты кеш өтті. Кеш «Шабыт» биімен ашылып, мектеп директоры Касымова Сауле Асанқызына сөз берілді.
Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – Тәуелсіздік. Бұл мерекеге арнайы шақырылған құрметті қонақтар — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар: Самбетова Гулзира Оразаева, Бекжанова Эльмира Алтынбековна, Алтаев Бақыт Самбаевич, Жиргалбековна Галия Рахымқызы, Курымбаева Бота Керимбавна болды. Сондай-ақ, ауыл ақсақалы Калмаханбетов Жантурсын аға және Сарымолодаев ауылдық округі әкімінің орынбасары Қапалбеков Айбек қатысты.
Концерттік бағдарламада бастауыш сынып білім алушыларынан құралған хор өнер көрсетіп, Ерсайн Шалқар «Мұзбалақ» әнін және Шайдазым Айзере «Біз қазақтың қыраны» әнін орындады. Мектебіміздің «Домбыра» үйірмесі «Ерке сылқым» күйін тартып, «Балбөбек» шағын орталығының бүлдіршіндері «Азат ел» биін биледі. Амантай Диана, Амантай Ұлмекен, Құрманби Нұрдос, Еркінбек Нұрислам өлең шумақтарын оқыды.
Мерекелік кештің ең маңызды сәті – 16 Желтоқсанға орай, «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар жасөспірімдер ұйымына 2-ші және 5-ші сынып оқушыларын қабылдау рәсімі болды. Бұл рәсімді мектеп директоры С.А. Қасымова және «Желтоқсан-86» ҚБ Меркі ауданы филиалының мүшелері өткізді.
Кеш соңында «Атамекен» әні шырқалып, «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз мәңгілік болғай!» деген тілекпен аяқталды. Айбарлы менің Алашым! Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде!.