02
желтоқсан
2025
Өзін-өзі басқару Мектеп Парламенті ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті
2025 жылдың 02 желтоқсан күні Өзін-өзі басқару Мектеп Парламенті ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті. Шараға мектеп директоры Касымова Сауле Асанқызы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова, әлеуметтік педагог Г.Оспанова және 7–10 сынып оқушылары қатысты.Мектеп директоры жаңа президент пен министрлер құрамын құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сайлауда ең жоғары дауыс жинаған 10-сынып оқушысы Альхан Айару ресми түрде мектеп президенті болып сайланып, салтанатты түрде ант қабылдап, президент куәлігі ресми түрде табысталды.Рәсім соңында 5 «Ә» сынып оқушысы Ерсаин Шалқар «Мен қазақтың ұланымын» әнін орындап, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.