«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» тақырыбында тарихи-танымдық кездесу кеші өтті. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» тақырыбында тарихи-танымдық кездесу кеші өтті.
12
желтоқсан
2025

«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» тақырыбында тарихи-танымдық кездесу кеші өтті.

https://www.instagram.com/reel/DSMVlaWDJ5b/?utm_source=ig_web_copy_link
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай іс-шара жоспарына сәйкес 2025 жылдың 12 желтоқсанында «Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» тақырыбында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы куәгерлерімен (Бекжанова Эльмира Алтынбековна, Самбетова Гулзира Оразаевна, Алтаев Бақыт Самбаевич, Жиргалбекова Галия Рахымқызы, Курымбаева Бота Керимбаевна) тарихи-танымдық кездесу кеші өтті.Іс-шараға мектеп директоры С.Касымова ,ДТЖЖО П.Батырбекова ,9-11сынып жетекшілер Нұрмуханбетова Ғ,Тоқтамұратов А,Джарылкапова А,Сман М және 9-11сынып оқушылары болды.
Мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын дәріптеу, тәуелсіздік жолында жан қиған жас ұрпақ ерлігін ұлықтау, оқушыларды елжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу және оқиға куәгерлерімен тікелей жүздесуге мүмкіндік беру.
Тарихи-танымдық кездесу оқушыларға терең патриоттық сезім ұялатты, Желтоқсан оқиғасының тәуелсіздік тарихындағы орны мен мәнін түсіндіруге ықпал етті. Куәгерлермен ашық сұхбат жастардың рухани дүниесін байытып, ел тарихына құрметін арттырды.Кездесу соңында естелік фотоға түсіп,Желтоқсан куәгерлері өз жылы лебіздерін білдіріп,кездесу өте әсерлі аяқталды.Бұл сәт оқушылардың жүрегінде мәңгі сақталып қалалары сөзсіз!